Жаңалықтар

ЖЕКСЕНБІЛІК ЖӘРМЕҢКЕ

19/07/2010

ЖЕКСЕНБІЛІК ЖӘРМЕҢКЕ

Ауданымызда әр жексенбі сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Шілденің 18 күні өткен жәрмеңкеге Шолпан ауылдық округінен ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер мен жеке кәсіпкерлер қатысты.

Әр жексенбі сайын өткізілетін жәрмеңкеге жұртшылық үйренісіп қалған. Бұл жолғы жәрмеңкеге де көпшілік ерекше ықыласпен қатысты. Ертеңгілік уақыттың өзінде базарға ағылған халық көп болды.

ЖЕКСЕНБІЛІК ЖӘРМЕҢКЕ

- Жәрмеңкеге шаруа қожалықтары белсене қатысуда. Өнім аудан базарынан арзан бағамен сатылып жатқандықтан халықтың жәрмеңкеге ықыласы өте күшті. Қазір аудан халқы түсінген малдың санына емес, сапасына мән береді. Сүтті, етті малдың басын көбейтуге күш салып жатыр. Бұл жолғы жәрмеңкеде өнімнің барлық түрі саудаға шықты, - деді аудан әкімі Бауыржан Жанақов.

Базар нарқынан төмен бағада сатылған өнімдерді алушылар қатары көп болды. Мәселен, «Қуаныш» базарында сиыр еті – 750 теңге, картоп – 100 теңге болса, ал жексенбілік жәрмеңкеде сиыр еті 600 теңгеге, картопты 30 теңгеге сатып, жергілікті тұрғындардың ризашылығына бөленді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.