Жаңалықтар

ҮРЖАР - АЛМАТЫ АВИАРЕЙСІ АШЫЛДЫ

16/07/2010

Үржар - Алматы авиарейсі ашылды

Бүгінде ауданымыздың әуежайынан бірден Алматы қаласына ұшу мүмкіндік пайда болды. Үржардан Алматы авиарейсін ашу туралы көптен бір шешімін таппай жатқан мәселелердің бірі болған еді. Облыстық мәслихат депутаттары мен ресми өкілдер ауданымызға келген сайын бұл мәселе үнемі қозғалатын еді. Аудан әкімі Бауыржан Торғайбекұлы әуежайдың толық жақсы жұмыс жасауына негіз болды. Сол себепті бүгінгі таңда бұл мәселе шешімін тауып, жұмысын жалғастыруда.

Жақын арадан бастап «SKAT» әуе компаниясының көмегімен Үржар – Алматы рейсі ашылып, аудан тұрғындары үшін үлкен қуаныш болып отыр. Міне, енді аптасына екі рет: дүйсенбі, жұма күндері ұшатын рейс ашылды. Ұзақ уақыт шешімін таппай отырған өзекті мәселе де шешімін тапты. Аудан жұрты бұл жақсы жаңалыққа ризашылықтарын білдіруде.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.