Жаңалықтар

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

14/07/2010

Шілде айының 12 күні аудан әкімдігінің үлкен залында кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің м.а. Қабдысадық Байсинов, аудандық мәслихаттың хатшысы Мұхаметқали Бітімбаев, аудан әкімінің орынбасары Жарқынбек Байсабыров, тиісті мекеме басшылары, ауыл әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын басталмас бұрын аудан әкімінің м.а. Қабдысадық Ақпайұлы біршама азаматтарды облыс мәслихатының құрмет грамотасымен және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Аппарат мәжілісіндегі күн тәртібіне 5 мәселе енгізіліп, қаралды. Бірінші мәселе бойынша «ҚР-ның ауыл-аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ШҚО-ның клуб мекемелерінің жұмысын жетілдіру мен қызметінің жаңа түрлерін енгізу» туралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бастығының м.а. Т.Тұрдыбаев сөз алды.

Екінші мәселе бойынша «Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, су құбырларын уақытында залалсыздандыру» туралы ШҚО МСЭҚД бас маманы баяндама оқыды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «2010 жылдың І жарты жылдық қорытындысы бойынша бюджеттен бөлінген қаржының игерілуі» жайында аудандық қаржы бөлімінің бастығы Ә.Сарбаева баяндады.

Төртінші мәселе бойынша – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің хаттамалық тапсырмаларының І-ші жарты жылдығында орындалуын қорытындылауы жайында ұйымдастыру-кадрлық бөлімінің бастығы М.Бапинова баяндады.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе - Бюджет қаражатын Қайыңды, Тасбұлақ мектептерінде тиімді пайдалану және практикалық көмек көрсету жайында аудандық қаржы бөлімінің бастығы Ә.Сарбаева сөз алды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.