Аудан
бойынша ҰБТ
2009 жылдың 5-7 маусым күндері екі ауысымда өтілді. Оған 1-ауысымда
441,
2-ауысымда 455 мектеп бітірушілер қатысты. ҰБТ-ға бір күн бұрын келетін
оқушылар үшін жатақхана ұйымдастырылып, 1- ші ауысымда 59 бала, 2-ші
ауысымда
87 бала орналасты. Қалған 162 бала
туыстарының үйіне пәтерге орналасты. Балалардың тамақтану жағдайы Абай және Крупская орта
мектебінің асханаларында
ұйымдастырылды. Асхана мен
жатын орны жағдайы СЭС талаптарына сәйкес жасалынды.
Асханалар мен жатақханада мектеп, білім
бөлімі және ішкі істер қызметкерлері тарапынан
кезекшілік ұйымдастырылды. Балалардың қонуы және тамақтануы
кезінде ешқандай тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ. Сонымен
қатар ҰБТ өтетін Горький орта
мектебінде де ішкі істер қызметкерлерінен кезекшілік ұйымдастырылып,
ата-
аналар арасында тәртіп бұзушылықты болдырмау жағдайы бақылауға алынды.
Ұлттық
біріңғай тестілеу екі ауысымда да өзінің белгіленген тәртібі бойынша
өтілді.
ҰБТ кезінде де ешқандай өрескел кемшіліктер болған жоқ.
[
Толығырақ
]